Атырау облысында дін саласындағы заңнаманы бұзған 98 азамат жауапқа тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзған 98 азаматқа 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында дін саласындағы заңнаманы бұзған 98 азамат жауапқа тартылды

Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық дін істері басқармасымен бірге әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде діни саладағы әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 98 деректі анықтаған.

«Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, таратудың заңсыз фактісіне байланысты 56, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған 42 құқық бұзушылық тіркелді. Анықталған құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 және 490-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды» - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 98 азаматқа 3 263 983 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.