Атырау облысында дуальды оқыту маман даярлауға көмектеседі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында дуальды оқыту маман даярлауға көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта осы тәсілмен мамандарды даярлау әдісі аймақтағы 20 оқу орнына енгізілді. Отандық және шетелдік 15 мекемемен серіктестік орнаттық. Оқу барысында жас азаматтар іс-тәжірибеден өтіп, сол үшін ақша алады. Егер жұмыс берушіге тәжірибе жинақтаушының бірі ұнап қалса, жұмысқа шақырады.
Қазір қос тарапты оқытуға «Электрмен жабдықтау, бақылау-өлшеу құралдары, мұнай және газ кен орындарымен» айналысатын компаниядан сұраныс бар»,- деп хабарлады облыстық білім беру басқармасындағылар.
Мекемедегілер Атырау облысында дуальды оқыту бойынша өндірістік тәжірибеден 200-ден аса колледж оқушылары мен студенттер өткенін атап өтті. Келесі жылы олардың саны 300-ге дейін көбейеді.