Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі көлік соқтығысып зардап шеккен 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты Мақат ауданында болған.
«Бұл туралы хабар 18 желтоқсан сағат 18:30 шамасында түсті. Мақат ауданында «Доссор-Құлсары» тасжолының бойында Доссор кентінен 18 шақырым қашықта екі автокөлік соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан автокөліктің біреуі түтіндеген. Трассадағы медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, апатқа ұшыраған көліктер жанбағанын анықтады. Зардап шеккен 11 адам Доссор кентіндегі ауруханаға жеткізілді» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында зардап шеккендерді құтқаруға трассадағы медициналық құтқару бекеті мен «Семсер өрт сөндіруші» мекемесінен 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдыррылды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан екі адам мерт болған еді.
