Атырау облысында екі тәулікте 211 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында соңғы екі тәулікте 211 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 желтоқсанда - 79, 26 желтоқсанда 132 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласынан – 47, Жылыой ауданынан – 13, Құрманғазыдан – 9, Қызылқоғадан –1, Индерден – 2, Мақаттан – 4, Исатай ауданынан 1 адам бар. Ал Теңіз кенішінде 134 жұмысшы қауіпті індетті жұқтырғаны анықталған.

Қазір үй жағдайында – 249, облыстық инфекциялық стационарда – 116, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 23 науқас емделіп жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда ем-дом қабылдап жатқан пациенттер саны – 491 адам.

Облыста ашылған 1225 орындық инфекциялық стационардың 630-ында науқастар ем алуда.

Бұдан бұрын Атырау облысында науқастардың 70% Теңіз кенішінің жұмысшылары құрайтынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар