Атырау облысында екі жасөспірім суға кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында шомылу маусымы басталғалы 13 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысында екі жасөспірім суға кетті

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кеше сағат 18.10-де Махамбет ауданында 2006 жылғы бала мен 2010 жылғы жасөспірім шомылуға тыйым салған жерде суға батып кетті.

«Іздеу жұмыстарына Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 7 қызметкері мен арнайы қайықтар жұмылдырылды. Кейінірек сағат 23.40-да 12 жасар баланың денесі табылды, ал 17 жастағы жасөспірімнің денесі табылмады. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінен.

Сол күні сағат 16.05-де Индер ауданында 40 жастағы ер адамның суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ауыл тұрғыны суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған.

«Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мәйітті судан шығарып, полицияға тапсырды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Атырау облысында 13 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала.