Атырау облысында ер адам Жайық өзеніне батып кетті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Махамбет ауданында ер адам Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысының Төтенде жағдайлар департаментінің өкілдері 8 тамыз күні сағат 17:42-де Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылынан 5 км жерде Жайық өзенінде 1977 жылы туған ер адамның мәйітін іздеуге шықты. Ол сағат 16:00-дер кезінде арнайы белгіленбеген жерде суға шомылып жүріп, өзенге батып кеткен. Сағат 18:00-де ер адамның мәйіті табылып, полицияға жеткізілді»,-деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және арнайы белгіленбеген жерлерге суға түспеуге шақырады.

Осыған дейін Атырау облысында жыл басынан бері 14 адамның суға кеткені туралы хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар