09:41, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Атырау облысында ер адамды пойыз басып кетті
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысында кеше 31 жастағы ер адам жүк пойызының астына түсіп кеткен.
Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.
Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы теміржол вокзалында № 1911 жүк пойызының астына абайсызда ер адам түсіп қалған. Жапа шеккен дрезинаның 31 жастағы машинисі дереу ауруханаға жеткізілді.