Атырау облысында індеттен қырылған мал иелеріне 164 млн теңге өтемақы төленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында нодулярлық дерматиттен қырылған малдың иелеріне 164 миллион теңге төленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау облысында індеттен қырылған мал иелеріне 164 млн теңге өтемақы төленді

«Алғаш рет 2016 жылы Атырау облысы аумағынан табылған нодулярлы дерматитпен 6 912 бас ірі мүйізді мал ауырды, 1150 бас мал қырылды. Барлық мал иелеріне 100% өтемақы төленді, бұл үшін бюджеттен 164 миллион теңге бөлінді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ветеринария басқармасының басшысына биылғы жылы нодулярлық дерматиттің таралуының алдын алу үшін эпизоотиялық шараларды  уақытылы жүргізуді бақылау туралы тапсырма берді», - деп хабарлайды  әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, өңір басшысы мал дәрігерлеріне ауырған малды тасымалдап, залалсыздандыратын ветеринарлық-санитарлық жұмыстарды жүргізуге қажетті техникаларды алу туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.