Атырау облысында инфекциялық стационарларда 212 науқас жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін «сары» аймаққа өткен Атырау облысында инфекциялық стационарларда 212 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында инфекциялық стационарларда 212 науқас жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте – 18 қазанда 24 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған. Науқастардың арасында Атырау қаласынан 17 адам бар. Жыдыой ауданында 5, Теңіз кен орнында 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Қазір инфекциялық стационарларда 212 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 94, Теңіз кенішіндегі стацционарда – 70, аудандардағы инфекциялық стационарда – 35, №2 облыстық ауруханада 13 пациент оқшауланған. Өз үйінде емделу үшін 286 адам оқшауланды» -деп басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 495 адам коронавируспен ауырып жатқанын хабарлаған едік.