Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ер адам 1 қаңтардан бері табылмай жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында із-түзсіз жоғалған 1 қаңтардан бері табылмай жатыр. Ол Ресей Федерациясымен шекарадағы ауылдан жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, Құрманғазы ауданындағы Көптоғай селолық округінің тұрғыны үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Бұл селолық округ Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №7 өрт сөндіру бөлімінен 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Соған қарамастан, аталған бөлімнің құтқарушылары 2023 жылдың 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған 1972 жылғы ер адамды іздестіріп жатыр», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Атырау облысының Ресей Федерациясымен шекарасындағы ауылдан із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғынды іздестіруге 9 адам мен 2 техника тартылған. Оның ішінде төтенше жағдайлар бөлімінен 7, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері бар. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына жергілікті атқарушы орган мен ауыл тұрғындары да көмек көрсетуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 24 жастағы жігітті үш күннен бері іздеп жатқанын, кейін Атырау облысында жоғалған жігітті іздеуге тікұшақ тартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұдан соң Атырау облысында із-түзсіз жоғалған 24 жастағы жігітті іздеу тоқтатылды. Өйткені, 20 қарашадан бері жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді.

Құтқарушылар жоғалған жігітті жазық даладан, сай-жыралардан, қараусыз қалған қыстақтар мен өзге де жерден іздестірді. Бірақ, нәтиже болмағандықтан, іздеу жұмыстары тоқтатылды.

Фото: Атырау облысы ТЖД



Соңғы жаңалықтар