Атырау облысында КамАЗ аударылып, 10 тонна дизельдік отын төгілді

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Атырау-Астрахань» автожолының 30-шақырымында автоцистернасы бар КамАЗ аударылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Атырау облысында КамАЗ аударылып, 10 тонна дизельдік отын төгілді

Соның нәтижесінде 10 тонна көлемінде дизельдік отын төгілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында экология департаментінің мамандары жұмыс жасауда.