Атырау облысында қанша адам ревакцинациядан өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 97 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың мәліметінше, «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді.

«Коронавирус инфекциясының таралуын тежеудің тиімді жолы – вакцина салдыру. Осы кезге дейін Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 262 575 адам салдырды. Вакциналардың II компонентін алғандар саны 245 574 адамға жетті. Ал, Pfizer екпесін 299 жүкті әйел, бала емізіп отырған 1 974 ана мен 12-18 жас аралығындағы 1 865 жасөспірім, сондай-ақ, 60 жастан асқан 196 адам ектірді», деп хабарлады Қайсар Абдалиев.

Оның айтуынша, былтырғы 23 қарашада басталған ревакциналаудан 97 493 атыраулық өтеді.

«Ревакциналауды бірінші кезекте дәрігерлер мен полицейлер, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, студенттер мен созылмалы сырқатымен есепте тұрған пациенттер алады. Қазір осындай санаттағы 17 339 адам қайта вакциналаудан өтті. Бұл – қайта вакциналаудан өтуі тиіс адамдардың 17 пайызы», -деп мәлім етті Қайсар Абдалиев.

Ревакцинациядан өтуге ниет еткен адамдарға Verocel, QazVak пен Pfizer вакциналары салынып жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 20 қарашадан бері Pfizer вакцинасын 3 887 адам салдырған еді.



Соңғы жаңалықтар