Атырау облысында қаңтар-сәуір айы аралығында 11,4 млн тонна мұнай өндірілген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында қаңтар-сәуір айы аралығында 11,4 млн тонна мұнай, 5,4 млрд текше метр газ өндірілген, деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев.
None
None

«4 айда мұнай өткен жылдың осы мерзіміндегіден 2,4% артық, ілеспе газ 1,4% артық өндірілген. «Теңізшевройл» ЖШС 9,7 млн тонна мұнай өндірді, немесе өткен жылғы осы мерзімнен 103,2% артық. Мұнайдың ілеспе газын өндіру 5,3 млрд текше метрге жетті (102,9%). «Ембімұнайгаз» АҚ 944,3 мың тонна мұнай (103,5%), 62,9 млн текше метрр ілеспе газ өндірді (102,8%)», - деді Ғ.Дүйсембаев.

 

Соңғы жаңалықтар