Атырау облысында қарама қарсы келе жатқан көліктер соқтығысып, жүргізушілері құрбан болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында қарама қарсы бағытта келе жатқан көліктер бетпе-бет соғысып, екі жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

Атырау облысында қарама қарсы келе жатқан көліктер соқтығысып, жүргізушілері құрбан болды

«Жол-көлік оқиғасы Жылыой ауданын Құлсары қаласындағы Теңіз мұнай кен орнымен байланыстыратын автожолдың бойында болған. Жол апатына ұшыраған «Kia Rio» мен «Toyota Camry» көліктері. Екеуінің де жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды»,-деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, ҚР ҚК 345 бабы, 4 тармағы негізіне (Соңы адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзу немесе көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.