Атырау облысында карантинде 3 адам жатыр, 741-і – бақылауда

«Облыста коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта толық карантинде Италияда болып келген 3 адам жатыр – ҚХР-дың бір азаматы және екі қазақстандық. Олар Қазақстан-Ресей шекарасында пойыздан түсірілді. Бұл - «А» санаты бойынша. «Б» санаты бойынша, яғни Франция, Испания, Германиядан келгендер – 66 адам: ҚР-дың 9 азаматы және 57 шетелдік. 2-санат бойынша, яғни Швейцария, Ұлыбритания, Нидерладтан келген 198 адам бар: 6 қазақстандық, 192 шетелдік. 3-санат бойынша, яғни Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин және АҚШ-тан 477 адам келді, олардың 541-і – қазақстандықтар, 423 – шетелдіктер. Олардың барлығы тұрғылықты жерлері бойынша бақылауда», - деді Б.Ғазизов.
Оның атап өтуінше, облыста медициналық препараттар мен дезинфекциялық құрылғылардың қоры бар. Туберкулезге қарсы диспансерде науқастарды оқшаулауға арналған 100 орын дайындалды.