Атырау облысында қатқақ болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет РМК 5 қазанда еліміздің қиыр батысында күн суытып, қатқақ болатынын хабарлады.

Атырау облысында қатқақ болады

«5 қазанда түнде Атырау облысының солтүстігінде температура 1 градус болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстінде екпіні 15-20 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 7 облыста ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.