Атырау облысында Қазақстан мен Ресей ТЖМ жаттығу өткізді
«Екі елдің құтқарушылары алдында трансшекаралық аумақта ірі ауқымды орманды-далалық алқаптағы өрттерді сөндіру міндеті қойылды. Жаттығу сценарийі бойынша, өрт құрғақ шөптесіннен басталып, бұталар мен екі шекаралық ауданның аумағын қамтыды. Жаттығуға барлығы 29 бірлік техника мен жеке құрамның 85 адамы тартылды, олар белгіленген аумақта нормативтік мерзім ішінде өртті сөндіруі тиіс болды. Ең бастысы екі елдің құтқарушылары өзара іс-қимылын пысықтады», - деп түсіндірме жасады жаттығуларға Атырау облысы ТЖ жөніндегі департаментінің бастығы Болатбек Омаров.
Ресей ТЖМ Астрахань облысы бойынша бас басқармасының жедел тобы жетекшісі Сергей Соболевтің айтуынша, жаттығуларда жалын аймағына ұшыраған тұрғындарды хабардар ету проблемасын шешуге баса назар аударылды.
Екі ел құтқарушыларының жаттығуларын Ресейдің Астрахань облысы аумағында да өткізу жоспарланған.