Атырау облысында кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін кейбір жол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Атырау облысында кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

1. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының Мақат ауылынан Атырау қаласына дейін;

2. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» күре жолының Доссор ауылынан Құлсары қаласына дейін.