Атырау облысында қоқыс полигоны өртенді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қоқыс полигоны өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 25 мамырда сағат 22:00 шамасында Жылыой ауданында тұтанған.
«Құлсары қаласынан 8 шақырымдағы «Құлсары-Бейнеу» тас жолының маңында орналасқан қоқыс полигонында қалдықтар өртенді. Полигон «Жылыой тазалық» ЖШС-нің теңгеріміне алынған. Экология департаментінің мамандары өрт болған жерден сынама алып, тексеріс ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.



Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өртеніп, бірнеше күнге жалғасқанын хабарлаған едік.