Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

Атырау облысында короанвирус инфекциясының таралу көрсеткіші төмендеп келеді.

Мәселен, 27 ақпанда қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар анықталмады.

Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясына 28 адам емделіп шықты.

«Қазір 273 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, 2 360 орынға арналған инфекциялық

стационарларда 31 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 27, аудандардағы инфекциялық стационарларда 4 пациент бар», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірдегі инфекциялық стационарлардағы жүктеме 1,3%-ды құрап отыр.

Стационарлардың 106 төсек-орындық жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 2 пациент емделуге жатқызылған. Өкпені жасанды желдету аппаратына бірде-бір науқас қосылмаған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 1,9%.

Теңіз кенішіндегі, №2 облыстық аурухана мен фтизиопульмонологиялық орталықтың инфекциялық стационарында коронавирустен емделіп жатқан науқастар жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.