Атырау облысында коронавируспен 1003 адам ауырып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 1003 адамауырып жатыр. Оның ішінде 710 науқас үйінде, ал, инфекциялық стационарларда 293пациент оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен

тәулікте 68 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Атырау қаласында қауіпті вирусты жұқтырудың 44 жағдайы расталды. Теңіз кен орнында – 8, Қызылқоға ауданында – 5, Құрманғазыда – 4, Жылыойда – 2, Индерде – 2, Мақатта – 1, Махамбет ауданында 1 адам коронавирус белгісі табылды», - деп хабарлады

басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір үй жағдайында 710 адам ем-дом қабылдау үшін оқшауланған. Ал, модульдік ауруханада – 112, №2 облыстық ауруханада – 55, Теңіз кен орнындағы стационарда – 87, сондай-ақ, аудандардағы инфекциялық стационарларда 39 науқас емделіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін «сары» аймақтағы Атырау облысында 69 адам коронавирус

жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар