Атырау облысында күн 37 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде - 24 мамырға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - 24 мамыр күні Қазақстанның көптеген аумағында атомосфералық фронтальдық бөліктердің өтуі кейбір жерлерде найзағайлы, екпінді желді өткінші жаңбырлардың өтуіне себепші болады.
Республиканың тек оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Атырау, күндіз Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде шаңды дауылмен бірге желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін соғуы күтіледі.
Атырау облысында кейбір жерлерде ауанын температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде өрттің төтенше жоғары қауіптілігі сақталуда.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі.