Атырау облысында құйынды жел тұрады - синоптиктер
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының тұрғындарына қатты жел соғатыны ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға циклон жылжып келе жатқанын ескертеді. Дүйсенбіде желдің жылдамдығы кей аудандарда секундына 23 метрге жетуі мүмкін. Дауыл кезінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Еске сала кетейік, өңірде биылғы жазда болған күшті жел тұрғын үйлердің, балабақшалар мен мектептердің шатырын ұшырып әкеткен еді.
Автор: А. Соколов