Атырау облысында мәслихат депутаттарын сайлауға сайлаушылардың 93,4 пайызы қатысты

АТЫРАУ.  Қазанның  27-сі.  ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -   Атырау   облысында  босаған орындарға мәслихат  депутаттарын  сайлауға қатысқан сайлаушылардың   саны  93,4   пайызды құрады.
None
None

«Сайлау  барлығы 10 округ  бойынша   өтті.    Барлық   округтерде   «Нұр Отан»  партиясының  өкілдері   жеңімпаз деп танылды»,  деп    хабарлады     Орталық сайлау комисссиясының Атырау  облысы  бойынша   өкілі Тамара  Амантурлина.

Оның айтуынша,    сайлау мен дауыстарды санауды барысын   172 адам бақылады.    Олардың    ішінде 45 адам - кандидаттардың сенімді  тұлғалары болса,  68  адам -қоғамдық бірлестіктердің  өкілдері,   11 адам - жергілікті БАҚ  өкілдері болды,   6 байқаушы - «Ауыл»  партиясының,  44 байқаушы -«Нұр Отан»  партиясының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар