Атырау облысында мектеп-интернат оқушыларына Елбасы атынан сыйлықтар табысталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Махамбет ауданындағы арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Аяз атаға хат жазып сұраған сыйлықтары табыс етілді. Бұл туралы ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Атырау облысында мектеп-интернат оқушыларына Елбасы атынан сыйлықтар табысталды

Балалардың тігін машинасы және спорттың түр-түрін меңгеру үшін қажет құрал-жабдықтарымыз болса деген тілегін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орындап берді. Елбасы «Аяз атаға хат жаз» акциясына қолдау білдіре отырып, балалардың арманының жүзеге асуына мұрындық болған.

Ал балалар болса, өздері қалаған сыйлықтарын Аяз ата мен Ақша қардың қолынан алды.


Сыйлықтарды табыс ету кезінде Аяз ата мен Ақша қар екі тәрбиеленушінің хатын жиылғандарға оқып берді. Олардың бірі - 4-сынып оқушысы Кристина доп, ракетка сынды спорт жабдықтарын сұраса, екіншісі 11 жасар Саягүл тігін машинасын сұраған екен.