Атырау облысында мотоциклші суға батып кетті

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні, кешкі сағат 8 шамасында Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сафон ауылындағы Қиғаш өзенінде мотоцикл мінген 55 жастағы ер адам абайсызда мұздың астына түсіп кетіп, мерт болды.

Атырау облысында мотоциклші суға батып кетті

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның денесі су бетіне 28 ақпанда Атырау облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің (2 адам) күшімен шығарылды.