Атырау облысында найзағай ойнап, дауыл соғады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
«27 шілдеде Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау қаласында осы күні найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с» делінген хабарламада.