Атырау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 2 мың пәтер салынады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат  - 2017 жылы Атырау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2007 пәтер салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Облыста «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру үшін 135,6 мың шаршы метр аумақты қамтитын 37 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Бұл дегеніміз 2007 пәтер, олар осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі», - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Айта кетейік, 2017 жылдың 6 айының өзінде өңірде 291,8 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6% жоғары. Өткен жылдың алғашқы жартысында өңірде 238 мың шаршы метр тұрғын үй салынған еді.

Соңғы жаңалықтар