19:24, 07 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Атырау облысында отқа оранған үйден 26 адам құтқарылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында өртенген үйден 26 адам, соның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құлсары қаласының №2 шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт тұтанғаны туралы хабар №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің диспетчерлік қызметіне бүгін 01:23-те келді. Өрт сөндірушілер пәтерлердің бірінде өрт тұтанып, жоғары қабаттар түтінге оранғанын анықтады. Үйден 26 адам, соның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 10 құтқарушы және 2 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт 02:03-те ауыздықталып, 02:20-да толықтай сөндірілді.
Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.