Атырау облысында өткен Олимпиадада студенттер үш тілді меңгергендіктерін көрсетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында өткен олимпиадада студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгергендіктерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Олимпиада» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында колледж студенттері арасында өтті. Шараның басты мақсаты - жастардың білімдерін жетілдіріп, көзқарастарын кеңейтіп, жаңа зияткер ортаның қалыптасуына ықпал ету. Олимпиадаға 17 мен 29 жас аралығындағы жастар шақырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша, үшінші орынды Қ.Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері алды. Екінші орынға энегетика және құрылыс колледждерінің студенттері тұрақтады. Қола жүлде Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің өрендеріне бұйырды»,-деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.