Атырау облысында пара алған полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында Мақат аудандық соты Аудандық ішкі істер бөлімінің бірінші орынбасары мен оның екі қызметкеріне қатысты үкімді жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Атырау облысында пара алған полиция қызметкерлеріне  қатысты үкім шықты

«Мақат АІІБ бастығының орынбасары Д. Бұлжанов пен оның қызметкерлері А. Сағиев пен А. Сағымбайға қатысты соталды тергеу аяқталды. Олар күдіктіден делдал Е. Ерғожиев арқылы 200 мың теңге пара алып, қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем көрсеткені үшін айыпталды. Мақат аудандық сотының үкімімен Д. Бұлжановқа 14 млн теңге, А. Сағитовқа - 17,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу үкімі шықты», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінен.

«Бұлар өмір бойына құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан, арнайы атақтарынан айырылып, заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркілене отырып, пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Ерғожиев пара алғаны үшін айыпты деп танылды және оған 2 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу үкімі шықты», - деп нақтылады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.