13:57, 29 Наурыз 2022 | GMT +5
Атырау облысында Pfizer вакцинасының 115 мың дозасы бар
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Pfizer вакцинасының 115 мың дозасы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 24 наурызда 1 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. Ал соңғы 4 күнде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелмеген.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 15 адам сауығып шықты.
«Атырау облысында Pfizer вакцинасының 115 мың дозасы бар. Бүгінге дейін бұл вакцинаның І компонентін 7 704 адам ектірді. Оның ішінде 12-18 жастағы 4 127 жасөспірім, бала емізіп отырған 3 174 ана мен 378 жүкті әйел бар. Ерекше қажеттілігі бар 14 адам мен 11 тұрғын да аталған вакцинаны салдырды. Ревакциналаудан өту үшін 3 510 атыраулық Pfizer екпесін алды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.