Атырау облысында Рfizer вакцинасын 5 304 адам салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Рfizer вакцинасын 5 304 адам салдырды, депхабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында Рfizer вакцинасын 5 304 адам салдырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл вакцинаны алушылар тізіміне 63 619 әйел мен жасөспірім енгізілген.

«Оның ішінде бала емізіп отырған 12 395 ана мен 6 095 жүкті әйел бар. Ал, 12-18 жастағы жасөспірімдер саны – 45 165. Былтырғы 20 қарашадан бері Рfizer вакцинасын 5 304 адам

салдырды. Вакцина алғандардың қатарын 2 736 жасөспірім, бала емізетін 2 318 ана мен

250 жүк әйел құрап отыр», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт

төмендегенін хабарлаған едік.