Атырау облысында сайлаушылардың 62 пайызы таңдау жасап үлгерді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сайлаушылардың 62%-ы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында сайлаушылардың 62 пайызы таңдау жасап үлгерді

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың ақпаратына қарағанда, 18 сайлау округіндегі 36 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр.

«Жергілікті уақытпен сағат 16:00-де сайлаушылар тізіміне енгізілген 44 305 адамның 62 пайызы дауыс берді. Оның ішінде сайлаушылардың белсенділігі Атырау қаласында - 58%, Жылыой ауданында 66,9%, Индерде – 71,2%, Исатайда – 69,5%, Құрманғазыда – 56,2%, Қызылқоғада – 66,1%, Махамбет ауданында 63,6%-ды құрады», - дейді Азамат Айманакумов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында сайлаушылардың белсенділігі байқалатынын жазған болатынбыз.