Атырау облысында шетелдік жүк көлігі жанып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құрманғазы ауданында шетелдік жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға кеше, 17 қыркүйекте болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне кешкі сағат 20:24-те Құрманғазы ауданында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түсті. «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 798-шақырымында Түркиядан Өзбекстан Республикасына бара жатқан «Mercedes Benz» маркалы фура автокөлігінің жанғаны анықталды.

Өртті сөндіруге Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. Көлік өрті сағат 23:19-да толық жойылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жоғары кернеулі электр желісіне соғылған жүк көлігі өртенген еді.


Соңғы жаңалықтар