Атырау облысында соңғы тәуліктерде індеттен қайтыс болғандар тіркелген жоқ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 82 адам ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында соңғы тәуліктерде індеттен қайтыс болғандар тіркелген жоқ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 14 наурызда қауіпті вирусқа 1 адам шалдыққан.

«Қазір Атырау облысында 73 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, инфекциялық стационарларда 9 науқас оқшауланған. Бір күнде коронавирус инфекциясынан 16 науқас емделіп шықты», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Былтырғы 1 ақпаннан бері COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырған атыраулықтардың саны 269 524 адамға жеткен. Вакциналардың ІІ компонентін

256 005 адам ектірген.

Өңірде Pfizer екпесін алған бала емізіп отырған аналар мен жүкті әйелдер, сондай-ақ, 12-18 жастағы жасөспірімдер саны 7 492 адамды құрап отыр. Ал, 48 067 адам қайта вакциналаудан өткен.

Соңғы бірнеше тәулікте қауіпті вирустан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 7 358 адам Pfizer вакцинасын салдырғанын хабарлаған едік.