Атырау облысында табиғи парк құрылуы мүмкін

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасында табиғи парк құрылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысында табиғи парк құрылуы мүмкін

«Атырау облысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Ол Ол Каспий теңізінің жағалауында орын тепкен, қорғалатын сулы-батпақты алқап болып саналады. Өңірде табиғаты тамаша, адам аяғы тимеген бірегей дала алқаптары болса да, әлі күнге табиғи парк жоқ. Сондай алқаптарда табиғи парк құруды жоспарлап отырмыз», - дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы атқарушы директорының міндетін атқарушы Сергей Скляренко.

Оның пікірінше, Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасындағы аумақ табиғи парк құруға сұранып-ақ тұр.