12:24, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Атырау облысында тереңдігі 6 шақырым болатын ұңғыма бұрғыланады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында тереңдігі 6 шақырым болатын ұңғыма бұрғыланады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Салыстырмалы орташа тереңдіктегі зерттелген пайдалы қазбалардың ресурстық қорлары сарқылуда. Алайда, әлемде 6 мың метр тереңдікке дейінгі ұңғыманы бұрғылау технологиялары жасалған. Бұл тым терең болса да, бұрғылау қажет деген тоқтамға келдік. Сондықтан, қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ-ға бірнеше жаңа шартты аумақты, соның ішінде Каспий маңы ойпатында орналасқан Забурунье мен Жайықты беру мәcелесі шешілуде», - деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.
Тереңдігі 6 мың метр болатын бірінші ұңғыманы бұрғылау жұмыстары 2018 жылы басталады деп жоспарлануда.