Атырау облысында тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Махамбет ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында көпбалалы үш отбасыға, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге, зейнеткерге, толық емес отбасыларға жаңа баспананың кілті берілді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қатысып, баспаналы болғандардың қуанышын бөлісті.

«Облыста арнайы бағдарламалар аясында түрлі жобалар іске асырылып жатыр. Мәселен, биыл Махамбет ауданында бірнеше жобаны жүзеге асыру үшін 4 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Оның ішінде ауылдарға жол, спорт нысандарын салу, инженерлік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту секілді жобалар бар», -деді Қайрат Бекенов.

Екі пәтерлік тұрғын үйдің кілті Элеонора Аюсина мен Мөлдір Аймағамбеттің отбасыларына берілді. Жаңа пәтерлер көгілдір отынға қосылған. Электр энергиясы мен су желілері тартылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудың Құрманғазы ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілгенін хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар