Атырау облысында уақытша тұру үшін 12789 шетелдікке рұқсат берілді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында уақытша тұру үшін 12789 шетелдікке рұқсат берілді. Оның ішінде алыс шетелден 2514, ал, ТМД елдерінен келген 10272 адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шетелдіктердің арасында еліміздің көші-қон заңдылығын бұзатындар бар.

«Полиция департаменті жыл басынан бері облыс аумағындағы көші-қон қозғалысын бақылау үшін қажетті іс-шаралар қабылдады. Осыған орай көші-қон қызметінің жұмысы шетелдіктер арасында әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталды. Осы орайда «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп, заңсыз келуді, тұруды, көші-қон саласы бойынша қылмыстарды, заңсыз көшіп-қонушылардың арналарын анықтауға арналды. Биыл Атырау облысында уақытша тұру үшін 12786 шетелдікке рұқсат берілді. Оның ішінде 2514 адам алыс шетелдерден келген. Ал, ТМД елдерінен келгендер саны 10272 адамды құрайды. Шетелдіктердің арасынан көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін 2227 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еліміздің аумағынан 54 шетелдік тысқары шығарылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Көші-қон заңдылығын бұзған шетелдіктерге 6 млн 437 мың 331 теңге айыппұл салынған. Айыппұл толықтай өндірілген.

«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мақсатында қоныстану ықтиярхат куәлігін және азаматтығы жоқ тұлғаның төлқұжатын дайындау үшін 189 формулярлары рәсімделді. Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен 110 адам алды. Ел азаматтығын алуға өтініш білдірген 17 адамның іс-құжаттары Ішкі істер министрлігіне жолданды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Төрт жыл бұрын жоғалған өзбекстандық Атырау облысынан табылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар