Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 90 мыңнан асты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғандар саны 90 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 90 мыңнан асты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кеше, 2 шілдеде «Спутник V», «QazVac», «Нayat-Vax» вакциналарының I компонентін 3 177 адам салдырған.

Оның ішінде 185 дәрігер, 262 педагог, 53 студент, арнайы мекемелердің 61, құқық қорғау органдарының 11 қызметкері, 45 мемлекеттік қызметші, созылмалы сырқатқа шалдыққан 164 адам мен 2 396 тұрғын бар.

«Елімізде жаппай вакцинация басталған 1 ақпаннан 2 шілдеге дейін 90 730 атыраулық қауіпті вирусқа қарсы вакцинаның І компонентін салдырды. Вакцинаның II компонентін 50 343 адам ектірді», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір күнде 2 183 адам вакцина алған еді.