Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 119 429 адам салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 119 429 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 119 429 адам салдырды

Облыстық денсаулық басқармасының мәліметіне қарағанда, 15 тамызда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасына І компонентін 593, ал, ІІ компонентті 466 адам ектірген.

«Биылғы 1 ақпан мен 15 тамыз аралығында 164 320 атыраулық вакциналардың I компонентін алды. Сондай-ақ, вакциналардың ІІ компонентін салдырғандар саны 119 429 адамға жетті» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында қызметкерлердің 92 пайызы вакцина салдырғанын хабарлаған болатынбыз.