Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам адам салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам адам салдырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте, 15 қыркүйекте 1 051 адам вакцинаның І компонентін алған.

«Бір күнде вакцина салдырғандардың арасында 31 педагог, 40 студент, 16 дәрігер, 11 мемлекеттік қызметші, 1 полицей мен құқық қорғау органдарының 1 өкілі бар. Сондай-ақ,

созылмалы сырқаты бар 72 пациент пен 877 тұрғын екпе салдырды. Ал, 1 ақпаннан бері вакциналардың І компонентін 214 398 адам ектірді. Вакциналардың ІІ компонентін алған адамдардың саны 164 600-ге жетті», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 201 мыңнан астам адам вакцина салдырғанын 9 жазған болатынбыз.