Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 225 мың адам салдырды
Бұдан бұрын Атырау облысында 3 мыңға жуық мемлекеттік қызметші екпе алғанын жазған едік.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте – 18 қарашада Covid-19-ға қарсы вакциналардың I компонентін
359 адам вакцина салдырған.
«Өңір дәрігерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұдайы жүргізіп келеді. Өйткені, қауіпті вирусты тежеудің бірден-бір тәсілі – вакцина салдыру. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде биылғы 1 ақпаннан 18 қарашаға дейінгі кезеңде Атырау облысының 246 965 тұрғыны Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін салдырды. Вакциналардың II
компонентін алған адамдардың саны 225 322-ге жетті», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысына Атырау облысына Pfizer вакцинасының
32 760 дозасы жеткізілгенін хабарлаған едік.