Атырау облысында вакцинаның екі компонентін алғандар 202 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинаның екі компонентін алғандар 202 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулік – 13 қазанда 583 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін салдырған.

«Биылғы 1 ақпан мен 13 қазан аралығындағы кезеңде 233 287 адам вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін алған адамдардың саны 202 499-ды құрады» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 200 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін алғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар