Атырау облысында вакцинаның І компонентін салдырғандар 241 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 241 мыңнан астам адам салдырды, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулік – 4 қарашада вакциналардың І компонентін 449 адам ектірген.

«Атырау облысында тұрғындарға вакцина салдырудың маңызы туралы түсіндіру жұмысы ұдайы жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде биылғы 1 ақпан мен 4 қараша аралығындағы кезеңде 241 823 адам Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін ектірді. Оның ішінде ішінде 14 мыңнан астам педагог пен 6 мыңнан аса студент, 7 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Бұған қоса, құқық қорғау органдарының 3 664 өкілі мен 1 994 полиция қызметкері вакцина салдырды. Ал, вакциналардың II компонентін алған атыраулық тұрғындардың саны 218 551-ді құрады» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 7,6 мың медицина қызметкері вакцина алғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар