Атырау облысында заңсыз сақталған 24 қару тәркіленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында заңсыз сақталған 24 қару тәркіленді. Оның ішінде тегіс ұңғылы 15 атыс қаруы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында заңсыз сақталған 24 қару тәркіленді

Облыстық полиция департаментінің баспасөсз қызметінен мәлім еткендей, 7 ақпаннан «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шара кезінде қыстақта отырған шаруа қожалықтарында, фермерлік және аңшылық шаруашылықтарында қаруды және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегін анықтау үшін 148 рейдтік, 219 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде сақталған 24 қару тәркіленді. Оның тегіс ұңғылы 15 атыс қаруы, 6 травматикалық тапанша, 3 электрлі қару бар. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 8 қылмыстық іс тіркелді. Ал, 11 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы ішкі істер органдарының есебінде тұрған 4 540 азаматтық атыс қарулар иесі тексерііліп, 163 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Біріктірілген деректер банкінің «Криминалдық қару» есебінде «Мекен-жайы анықталмаған» санатымен тұрған 3, «Жоғалған қару» санатымен тегіс ұңғылы 3 атыс қаруы анықталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленген болатын.