Атырау облысында жалпы саны 19 адам зардап шеккен тамақтан улану жағдайы тіркелді

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Мамырдың 30-31- і аралығында Атырау облысында жалпы саны 19 адам зардап шеккен тұрмыстық тамақтан улану жағдайы тіркелді.

Атырау облысында жалпы саны 19 адам зардап шеккен тамақтан улану жағдайы тіркелді

Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Улануды мамандар Қызылқоға ауданының Миялы ауылындағы астан қалған етті пайдаланумен байланыстырады.

Ағымдағы жылғы маусымның 1-де зардап шеккен 9 адам Атырау қаласының инфекциялық ауруханасына жатқызылды, сондай-ақ тексеру мен сұрау арқылы белсенді іс-шаралар жүргізу кезінде анықталған 10 науқас Қызылқоға аудандық ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы жеңіл және орташа ауыр дәрежесінде, барлық зардап шеккендер қажетті медициналық көмек алуда.Санитариялық қызметтің мамандары ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде», делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің бүгінгі таратылған хабарламасында.