Атырау облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қала маңында орналасқан Жұмыскер елді мекенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынған жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

«Бұл - жалпы аумағы 1298 шаршы метрді құрайтын заманауи ғимарат. Жеке жылыту қазандығы, электргенераторы бар. Бастысы мұнда балалар да, ересектер де мәдени шараларға дайындық жасай алатын кең бөлмелер бар. 90 жылдардың басынан бері Жұмыскерде мәдениет үйі болмаған. Сондықтан барлық үйірмелер мектеп сыныптарында өткізіліп келді. Енді оларды осы мәдениет үйіне қайта көшіреміз», - деді мәдениет үйінің директоры Ғабит Қайрекешев.

Жаңа ғимаратқа ауылдық кітапхана көшірілді. Бұған дейін кітапхана 60-шы жылдардың басында салынған ғимаратта орналасқан еді.