Атырау облысында жасөспірім су құбырын жөндеуге қазылған орға құлап көз жұмды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құрманғазы ауданында жасөспірім су құбырын жөндеу үшін қазылған орға құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қайғылы оқиға Сүйіндік ауылдық округінде болды. 14 жасар жасөспірім үйіне қайтып келе жатып, су құбырын жөндеу үшін қазылған орға құлап кеткен. Ордың ұзындығы 10, тереңдігі 2 метр болған. Бала құлаған кезде ордың бір қабырғасы құлап, басып қалған», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.